«Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты тарихи сағат өтті.
15 қазан күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерің ұйымдастырумен Сәкен Сейфуллин орта мектебінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен Сәкен Сейфуллинның 130 жылдығына орай «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты тарихи сағат өтті. Іс-шара барысында кітапханышы социалистік төңкеріске тікелей қатысқан жалғыз қазақ ақынының өмірінің күреске толы болғанын, қазақ әдебиетінің жаңа бағытта дамуына өз үлесін қосқанын айтып өтті.

