«Қасірет құрбандары ұмытылмайды» атты саяси сағат өткізілді.

29 мамыр күні Далақайнар ауылдық кітапхансында 31 мамыр – саяси қуғын – сүргін күніне орай Т.Әшімбаев орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Қасірет құрбандары ұмытылмайды» атты саяси сағат өткізілді. Іс –шара барысында кітапханашы оқушыларға саяси қуғын- сүргін кезінде құрбан болған қазақ халқының зиялылары қатарында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы,М.Дулатұлы,Т.Рысқұлов,М.Жұмабаев,С.Сейфуллин, І.Жансүгіров сияқты мемлекет және қоғам қайраткерлері болғаны туралы мағлұмат берді. Осы шараға қатысқан оқушылар қуғын – сүргінде жапа шеккен қазақ зияларының өлеңдерін оқып, шара соңында оқушыларға бейне слайд көрсетілді.

Нет описания фото.