«Қарияның ақылы-дария» тақырыбында әдеби кеш өткізілді.

1 қазан күні Бірлікүстем ауылдық мәдениет үйі қызметкерлері мен кітапханашының ұйымдастыруымен «Қарияның ақылы-дария» тақырыбында әдеби кеш өткізілді.

Кеш барысында ауыл әкімі А.Бименбетов сөз алып: «Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше екендігі туралы айта келе, қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтады.Кешіміз Домалақ ене орта мектебінің оқушыларының қатысуымен ауылдық мәдениет үйінің әсем сахнасында ән мен биге жалғасты.Кешті қорытындылай келе, ата-анаға қамқорлық жасаса қартайған ата – анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт – береке деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі екендігі туралы насихат сөздер айтылды.

Мақсаты:оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Возможно, это изображение 11 человек, помост и текст