«Қаламы шыңдалған ақын» атты өмірбаяндық шолу өткізілді.
20 наурыз күні Далақайнар ауылдық кітапханасында «Ел болып оқимыз» жобасы аясында Байзақ ауданының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ақын Қасқырбай Нарбатырдың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Қаламы шыңдалған ақын» атты өмірбаяндық шолу өткізілді.
Іс –шара барысында кітапханашы оқырмандарға ақынның өмірбаянын таныстырып, бүгінде көпшілік арасында патриоттық шығармашылық пен бірге, ақындық пен сазгерлік қатар дамып, үйлесім тапқан ақынның бірі екенін айтып өтті.
