«Құмар ойын құрдымға құлатады» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.
11 қыркүйек күні Төле би ауылдық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасында М.Әуезов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Құмар ойын құрдымға құлатады» тақырыбында танымдық сағат өткізілді. Іс-шарада кітапханашы құмар ойын ең әуелі адамның санасын улайды. Оны жеңемін деп сөзбен айту оңай, іспен дәлелдеу қиын екеніне жайында түсінік беріп өтті. Оқушылар өз ойларын ортаға салды. Мақсаты: Оқушыларға құмар ойын туралы түсінік беру. Жаман әдеттерден аулақ болу.



