«Ғибрат алар артында із қалдырған» тақырыбында әдеби кейс өтті.

23 желтоқсан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен М.Мақатаев мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен көрнекті  мемлекет  және  қоғам  қайраткері, Қазақстанның  халық  жазушысы , мемлекеттік  сыйлықтың иегері Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдық мерейтойына орай «Ғибрат алар артында із қалдырған» тақырыбында әдеби кейс өтті. Қазақ халқының ардақты ұлы, заңғар жазушы, аңыз адам Әбіш Кекілбаев ұлттың руханиятында өшпес із қалдырған ерекше тұлға. Шара барысында кітапханашы оқушыларға Ә.Кекілбаевтың өмірі мен өлеңдер жинақтарын таныстырса, оқушылар қаламгердің өлеңдерін оқып, өмірбаяны бойынша өз ойларымен бөлісіп, жан – жақты ақпараттармен толықтырып отырды.