«Ғасырында бір келер-қазағымның бұлбұлы» атты сыр кеші өткізілді.
4 сәуір күні Көктөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен халық ақыны, әнші, композитор Кенен Әзірбаевтың 140 жылдық мерейтойына орай «Ғасырында бір келер-қазағымның бұлбұлы» атты сыр кеші өткізілді. Кеш барысында тума таланттың әрбір шығармасының шығу тарихы жастарға кеңінен айтылып, толымды ақпарат берілді. Оқушылар Кенен Әзірбаевтың шығармаларын оқып, өлеңдерін жатқа орындап, ақынның әдебиеттерімен танысты.

