”Ғалым археолог этнограф” атты әңгіме сағаты өткізілді.
17 мамыр күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы, этнограф, шығыстанушы, тарихшы, филолог, коғам қайраткері Әлкей Марғұланның 120 жылдығына арналған ”Ғалым археолог этнограф” атты әңгіме сағаты өткізілді.
Басты мақсат – өскелең жас ұрпаққа ұлы ғалымның еліміздің тарихы мен этнографиясы саласындағы мол мұрасын жеткізіп, оларға рухани тәрбие беру болып табылады.

