«Өз тіліңе құрмет- өзіңе құрмет» тақырыбындағы тич-ин өткізілді.
20 ақпан күні Бірлікүстем ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Домалақ ене орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен Халықаралық ана тілі күніне орай «Өз тіліңе құрмет- өзіңе құрмет» тақырыбындағы тич-ин өткізілді. Кеш барысында кітапханашы оқырмандарға тілдер рухани және материалдық құндылықтарымызды сақтаудың ең негізгі құралы екендігі туралы айта келіп ,ана тіліміздің қадіріне жетіп, дамып өркендеуіне өз үлестерін қосуға шақырды. Соңынан кітапхана қорындағы кітаптарға шолу жасады.

