«Құс қанат менің ғұмырым» атты сыр кеші өтті.

24 қаңтар күні Мойынқұм ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз » жобасы аясында жергілікті ақын Серік Томановтың шығармашылығына арналған «Құс қанат менің ғұмырым» атты сыр кеші өтті.

Іс –шара барысында кітапханашы жыр әлеміне жасындай жарқырап келіп, отты өлеңдерімен қазақ әдебиетіне олжа салған ақындардың бірі Серік Томановтың өмірі мен шығармашылығын таныстырып, оқырмандар ақынның «Аққулар», «Қызыл көйлек киген қыз», «Сатушы қыз», «Аузынан айдың түскен қыз», «Сезімді қайтем тулаған», «Құс қанат менің ғұмырым» өлең жолдарын оқыды.

Возможно, это изображение 21 человек и люди учатся