«Қазақстан-туған өлкем,ұлы өлкем!» тақырыбында тарихи сағат өткізілді.
23 қазан күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында Домалақ ене орта мектебінің 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақстан-туған өлкем,ұлы өлкем!» тақырыбында тарихи сағат өткізілді. Мақсаты: жас ұрпақты туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі – туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

