«Қаламынан аз мұра қалған жоқ» тақырыбында әдеби вернисаж өтті.
29 қаңтар күні Бәйдібек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Қаламынан аз мұра қалған жоқ» тақырыбында әдеби вернисаж өтті. Іс-шара барысында кітапханашы қазақ балалар әдебиетінің қаламгері Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстырып, балаларға “Балалық шаққа саяхат” “Ергежейлілер еліне саяхат” және қазақ әдебиетінің озық туындысының бірі, “Менің атым Қожа” кітаптабы таныстырылып, насихатталды.

