“Зияткер тұлға-кемелденген адам” атты мәнерлеп оқу сағаты өткізілді.
9 қазан күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысының Құрметті азаматы, жазушы, драматург Е.Әлімжанның – 80 жыл мерейтойына орай “Зияткер тұлға-кемелденген адам” атты мәнерлеп оқу сағаты өткізілді. Шара барысында кітапханашы жазушының өмірбаяны мен шығармашылығын таныстырып, қордағы кітаптарына шолу жасады. Тұрақты оқырман Д.Дүйсеналы жазушының шығармасынан “Абайтаудың ар жағы мен бер жағы” өлеңін оқып берді.



