“Жұмекен поэзиясы ұлттық мақтанышымыз” атты поэзия кеші өткізілді.
23 қаңтар күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкері мен бірлесе мектеп кітапханасымен ұйымдастырылған Ж.Баласағұни атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушыларымен “Бір ел-бір кітап” акциясы бойынша “Жұмекен поэзиясы ұлттық мақтанышымыз” атты поэзия кеші өткізілді.Іс-шара барысында кітапханашы ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, көзінің тірісінде 19 кітабы жарық көргенін, кітап көрмесімен таныстырып, тұрақты оқырмандарымыз ақынның шумақ өлеңдерінен үзінді оқып берді.

