«Жырым менің жүйрігім» тақырыбында поэзия кеші өтті.

24 қаңтар күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, өңіріміздің әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру мақсатында «Ел болып оқимыз» облыстық жобасы аясында жыр аспанында жасындай жарқырап өткен ақын Серік Томановқа арналған «Жырым менің жүйрігім» тақырыбында поэзия кеші өтті. Кеш барысында кітапханашы ақынның «Соғады сен деп жүрегім», «Пәруана», «Жұлдыздан терем өлеңді» атты кітаптарын оқырман назарына ұсынып, таныстырды. Шын жазуды, шындықты жазуды серт еткен, тілі түймелі, сөзі күймелі тағдырмен тайталасқан сыршыл ақынның «Жердің де жүрегі бар», «Жырым менің жүйрігім», «Ақын -жүрек» т.б. жыр шумақтарын Сәду Шәкіров атындағы орта мектеп оқушылары жатқа айтты.