«Жырларым жүрегімнің үні» атты сыр сандық өтті.
13 қазан күні Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, ақын жерлесіміз Исаева Бақыт Ақышқызының туғанына – 72 жыл толуына орай «Жырларым жүрегімнің үні» атты сыр сандық өтті. Іс-шараға Алға орта мектебінің 7 сынып оқушылары қатысып, кітапханашы ақынның өмірбаяны мен шығармашылығын таныстырып, сыр сандыққа жасырылған сұрақтарға жауап берді.



