«Жырлайды жүрек» атты әдеби вернисаж өткізілді.

8 ақпан күні Қазақтың лирик ақыны, Хантәңірінің мұзбалағы М.Мақатаевтың туғанына 93 жыл толу мерейтойына орай, Еңбекші ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Жырлайды жүрек» атты әдеби вернисаж өткізілді. Кешке кітапхананың оқырмандары, мектеп оқушылары қатысты. Шарада кітапханашы Ж.Байларова өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жүргізіп, таныстырса, ауылдық Еңбекші орта мектебінің 5, 6, 7 сынып оқушылары ақынның өлең-жырларын жатқа мәнерлеп оқыды.