«Жүрегімен жырлаған» атты сыр сандық өткізілді.

30 қыркүйек күні Жаңа жол ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Жұмекен Нәжімеденовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Бір ел – бір кітап 2025» акциясы аясында «Жүрегімен жырлаған» атты сыр сандық өткізілді. Кітапханашы оқырмандарды алпысыншы жылдардан бастап өлеңдері мен шығармалары, үш романы, аударма кітаптары «Жазушы», «Жалын» баспаларынан жарық көріп, оқырмандар көзайымы болған ақынның шығармаларымен таныстырды. Оқырмандар ақынның өмірі мен шығармалары туралы сұрақтарға жауап беріп, сыр сандықтың сырын ашты.