«Жүрегі сыр тұнған Жұмекен» атты тәрбие сағаты өтті.

29 қыркүйек күні Алға ауылдық кітапханасында “Бір ел – бір кітап” жобасы аясында «Жүрегі сыр тұнған Жұмекен» атты тәрбие сағаты өтті.

Іс-шара барысында оқырмандарға қазақтың көрнекті ақыны, халық жазушысы Жұмекен Нәжмеденовтің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматтар берілді. Сондай-ақ қатысушылар ақынның өлеңдерінен үзінді оқып, оның әдеби мұрасына деген құрметтерін білдірді.

Мақсаты: Ақынның шығармашылық жолы мен әдеби мұрасын таныстыра отырып, жас ұрпақты кітап оқуға, отансүйгіштікке және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.