«Жошы хан-Жошы ұлысы» атты танымдық сағат өткізілді.
9 шілде күні Жаңа жол ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Шыңғыс ханның үлкен ұлы, қыпшақ елінің билеушісі, Алтын Орда мемлекетінің негізін қалаушы, қазақ хандары мен сұлтандарының арғы бабасы Жошы ханның туылғанына 845 жыл толуына орай ««Жошы хан-Жошы ұлысы» атты танымдық сағат өткізілді.Оқырмандарға туылған сәтінен бастап, дүниеден өткенге дейінгі тағдыры жұмбақ құпияларға толы осынау тұлғаның өмірі мен бейнесі неліктен әлі күнге дейін халқымыздың жадынан өшпей келетіні , исі қазаққа киелі өңір Ұлытауда мәңгілік мекенін тауып ұлықталған Жошы хан кім болғаны туралы тарихи деректер ұсынылды.

