“Жошы ұлысы тарихы, мұрасы және тағлымы” тақырыбында өмірбаяндық шолу өткізілді.
17 қыркүйек күні Төле би ауылдық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Жошы ұлысы тарихы, мұрасы және тағлымы” тақырыбында өмірбаяндық шолу өткізілді.
Мақсаты: Қазақ тарихында халқымыздың ұлт болып қалыптасуының негізі саналатын Жошы ұлысының тарихымен таныстыру. Жас ұрпаққа Жошы ханның қазақ даласында билік еткен жылдары және Жошы ұлысының құрылуы тарихы, Жошы ұрпақтары Абылай хан, Кенесары хан, Шоқан Уалиханов, Әлихан Бөкейханов сияқты мықты ұрпақ тарағанын туралы насихатталды.


