«Жошы ұлысы-мемлекеттілігіміздің негізі» тақырыбында дөңгелек үстелі өткізілді.

20 маусым күні аудандық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен оқушылар сарайында жас оқырмандардың қатысуымен Қазақ мемлекетінің бастауында болған Жошы ұлысының құрылғанына биыл 800 жыл толуына орай «Жошы ұлысы-мемлекеттілігіміздің негізі» тақырыбында дөңгелек үстелі өткізілді. Шара барысында кітапханашы Жошы ұлысы Қазақстанның барлық аумағын қамтығандығын, Жошыдан бастау алатын әулет Қазақстан аумағында 1224 жылдан 1860 жылдарға дейін 6 ғасыр бойы билік жүргізгендігіне тоқталып,бұл Қазақстан тарихы үшін маңызды кезең, мемлекеттілігіміздің «алтын ғасыры» екендігін айтып өтті.

Нет описания фото.