«Жолдау ел ертеңінің бағдары» тақырыбында ауыл тұрғындарымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы талқыланды.
5 ақпан күні Еңбекші ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Еңбекші орта мектебінде «Жолдау ел ертеңінің бағдары» тақырыбында ауыл тұрғындарымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы талқыланды. Талқылау барысында ауыл тұрғындары Жолдауда қозғалған мәселелердің маңыздылығын атап өтті. Олар Президенттің қазақстандықтардың өмірінің барлық салаларына оң әсерін тигізетін барлық бастамаларын қолдауға дайын екендіктерін білдірді.

