«Жолдау -ел дамуының айқын белесі» атты саяси сағат өтті.
29 қаңтар күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастырумен Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушыларының қатысуымен «Жолдау – ел дамуының айқын белесі» атты саяси сағат өтті. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан Халқына Жолдауында еліміздің алдағы дамуына қатысты ой тұжырымдарын айқындап көрсеткен ең маңызды тұстарын кітапханашы оқып берді. Шара барысында тақырыпқа сай ақпараттар, газет беттеріне шыққан мақалалар таныстырылды.

