“Жиырма үш жыл-бір ғұмыр жарқ еткен сәуле ғұмыр” тақырыбында сыр кеші өтті.

29 қаңтар күні балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырумен Алаштың ардақты ұлы, жазушы Саттар Ерубаевтың 110 жылдық мерейтойына орай “Жиырма үш жыл-бір ғұмыр жарқ еткен сәуле ғұмыр” тақырыбында сыр кеші өтті. Шара барысында публицист, сыншы әдебиетімізге адам психологиясын жан-жақты ашудың озық үлгісін әкеліп, оны роман жанрында қазақ топырағына батылдықпен сіңіре білген жазушының өмірбаянын таныстырып, патриоттық рухы жоғары қаламгердің шығармашылығы насихатталды. Сонымен қатар кітап қорындағы С.Ерубаевтың «Менің құрдастарым» «Күрестің түйісінде», «Мәңгілік өмір», «Бақыт», «Өмір көркемдігі» т.б. шығармаларын таныстырды.