“Жиырма үш жыл – бір ғұмыр” тақырыбында сыр-сандық өткізді.
26 қаңтар күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Ы.Алтынсарин мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен қазақ жазушысы, ақын, публицист, сыншы Саттар Ерубаевтың 110 жылдық мерейтойына орай “Жиырма үш жыл – бір ғұмыр” тақырыбында сыр-сандық өткізді. Аталған шарада қаламгердің өмірі мен шығармалары баяндалып, оқушылар сыр-сандыққа жасырылған сұрақтарға жауап беріп, жазушының “Менің құрдастарым”, “Мои ровесники”, т.б кітаптары таныстырылды.

