«Жеңіс туын желбіреткен қайсар қазақ» атты тарихи круиз өткізді.
28 қазан күні орталық кітапхананың білім орталығында оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Жеңіс туын желбіреткен қайсар қазақ» атты тарихи круиз өткізді. Іс-шарада барысында кітапханашы Р.Қошқарбаевтің өмірі, соғыста көрсеткен ерлігі, батылдығы туралы мәлімет беріп, бейнеролик көрсетілді. Білімгерлер ақын-жазушылардың өлең жолдарынан үзінділер оқыды.

