“Жең ұшынан жалғасуға жол жоқ” атты дөңгелек үстел өткізді.

30 қазан күн Мойынқұм ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында “Жең ұшынан жалғасуға жол жоқ” атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында бас маман С.Даулеталиев оқырмандарға Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні, жемқорлық, сыбайлас ұғымдары мен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заңы бойынша ақпарат берді.

Округіміздің ақсақалдар алқасы іс-шараға қатысып, сыбайласқан құқық бұзушылық үшін жауапкершілік, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жайында әңгімелеп, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерді оқырмандармен талқылап, кеңінен насихатталды.