«Жемқорлықсыз қоғамға қадам» атты форсайт-диспуты Шу «Алмаз» колледжінің білімгерлермен өтті.

26 қаңтар күні  №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасы аясында «Жемқорлықсыз қоғамға қадам» атты форсайт-диспуты Шу «Алмаз» колледжінің білімгерлермен өтті. Іс-шара барысында кітапханашы сыбайлас-жемқорлық қылмыстарын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жастар арасында белсенді түрде жүргізілуі тиіс екенін атап өтіп, сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың борышы екендігі туралы ақпараттар берді. Іс шараға 12 адам қамтылды.