«Жемқорлыққа жол болмасын» атты ақпараттық сағат өткізілді.

28 қыркүйек күні Көкқайнар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Жемқорлыққа жол болмасын» атты ақпараттық сағат өткізілді.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны, оның әлеуметтік және экономикалық дамуға кері әсері туралы кеңінен айтылды.

Сонымен қатар өскелең ұрпақтың бойына адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты құндылықтарды қалыптастырудың маңыздылығы сөз болды. Жастарды адал еңбек етуге, заң талаптарын сақтауға және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу – баршамызға ортақ міндет екені атап өтілді.

Адал қоғам – жарқын болашақтың негізі!