«Жазумен өрілген өмір» тақырыбында өмірбаяндық шолу өткізілді.
27 қараша күні Көкқайнар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен С. Естемесов орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында өлкемізден шыққан ақын, жазушы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Үміт Битенованың шығармаларын насихаттау мақсатында «Жазумен өрілген өмір» тақырыбында өмірбаяндық шолу өткізілді.Іс-шара барысында ақынның өміржолымен, шығармаларын таныстырылып, кітапхана қорындағы «Балабақшадан басталған…», «Шын ғашықтар қосылмайды», «Ауады да тұрады аңсарым» атты кітаптарына шолу жасап, жазушының кітаптарын оқуға шақырды.

