«Жаз, кітап, мен бірге біз доспыз» литкроссинг өтті.

27 маусым күні Шу аудандық орталық, кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ашық аспан аясында» атты кітапханалық жоба бойынша «Жаз, кітап, мен бірге біз доспыз» литкроссинг өтті. Кітапханашы жас бүлдіршіндерді кітап қорына жаңа түскен ертегі кітаптармен таныстырып, алаңда «Ақсерек көксерек» ойынын өткізді. Мақсаты: балаларды жазғы демалыста бос уақыттарын кітап оқумен тиімді өткізуге шақыру.

Нет описания фото.