“Жаз бойы кітап оқиық!” тақырыбында ойын саяхат өткізілді.
1 шілде күні N1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Жаз кітаппен” кітапханалық жоба аясында балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында “Жаз бойы кітап оқиық!” тақырыбында ойын саяхат өткізілді. Оқырман назарына танымал балаларға арналған авторлардың шығармалары ұсынылды. Балалар бос уақытын тиімді пайдаланып ең үздік шығармаларымен танысты.

