«Жазғы демалыс кітаппен» тақырыбында библиошар өтті.
10 шілде күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастырумен «Ашық аспан аясында» атты кітапханалық жоба аясында Балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалануға, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Жазғы демалыс кітаппен» тақырыбында библиошар өтті. Оқырмандар назарына ертегі кітаптар, кітапшалар ұсынылды.

