«Жауырыны жерге тимеген балуан» атты танымдық кеш өткізілді.
17-желтоқсан Қазақ балуаны Балуан Шолақ Баймырзаұлының туғанына 160 жыл толуына орай Далақайнар ауылдық кітапханашының ұйымдастыруымен Т.Әшімбаев атындағы орта мектептің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Жауырыны жерге тимеген балуан» атты танымдық кеш өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға атақты балуан, әнші, композитор, ақын Балуан Шолақ туралы ақпарат беріп, Балуан Шолақтын өмірі мен шығармашылығын , адамгершілік қасиеттерін, жарқын бейнесін, қазақ жерінде цирк өнерінің негізін салушы, қара күш иесі, түйе балуан атанған, күрделі тұлгасын тану үшін ақын жайында айтылған естеліктерге шолу жасады.

