“Жасырған жоқ ештеңе өлеңімнен” тақырыбында мәнерлеп оқу өткізілді.

6 ақпан күні балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, өңіріміздің әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру мақсатында “Ел болып оқимыз” жобасы аясында жергілікті ақын Шырын Мамасеріковаға арналған “Жасырған жоқ ештеңе өлеңімнен” тақырыбында мәнерлеп оқу өткізілді. Шара барысында кітапхананың тұрақты оқырмандары ақынның “Жыл құстары”, “Гәкку” т.б. өлеңдерін жатқа оқыды. Кітапханашы оқырмандарға кітапхана кітап қорындағы “Бақыт” атты кітабымен таныстырып, шығармаларын оқуға шақырды.

Нет описания фото.