“Жастығын жалын шарпығандар” тақырыбында кездесу кешін өткізді.

14 ақпан күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай “Жастығын жалын шарпығандар” тақырыбында кездесу кешін өткізді. Бұл кездесуге Ауған соғысының ардагері Тленшев Бақтыбек, ауыл ақсақалдар төрағасы Нұрғалиев Ертай және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысып, Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздік пен еске алды. Іс-шара барысында ауған ардагері өз кезегінде қиындығы мен қасіреті мол ауған соғысы кезіндегі, оқиғалары жайлы баяндап, оқырмандарымыз сұрақтар қойып, оқушылар патриоттық өлең шумағын нақышына келтіріп мәнерлеп оқыды. Ауған ардагерлеріне арналған кітап сөресі ұйымдастырылып, таныстырылды.

Нет описания фото.