”Жарқырап жанған шырақ” атты әдеби вернисаж өткізілді.
9 қаңтар күні N2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Ілияс Есенберлиннің 110 жылдық мерейтойына орай ”Жарқырап жанған шырақ” атты әдеби вернисаж өткізілді. Мақсаты оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы толық мағлұмат беру, шығармаларына оқушылар қызығушылық танытып, оны оқуларына ықпал ету болды. Шара барысында оқырмандар Ілияс Есенберлиннің өмір баянымен, «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас» шығармаларымен танысты.

