«Жарқын болашақ үшін күрескен- қаһарман қыз» атты ерлік сағаты өтті.
16сәуір күні Сауытбек ауылдық кітапханасында Кеңес Одағының батыры мерген, ефрейтор Әлия Молдағұлованың 20 сәуір – туған күніне орай «Жарқын болашақ үшін күрескен- қаһарман қыз» атты ерлік сағаты өтті. Мақсаты: Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы баяндау, оқушылардың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, батырдың ерлігін үлгі тұтуға үйрету, Отанын қорғай білуге, батырлыққа, ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

