26 сәуір күні Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында кеңес одағының батыры Нұрмұхамедқызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай “Жарқын бейне” атты әдеби монтаж өтті. Іс –шара барысында Әлия Молдағұлованың өмірі, өжеттілігі, қайсарлығы, ерлігі жайында айтылып, Әлия туралы өлеңдер оқылды.