«Жалынды жазушы» атты портрет кеші өткізілді.
22 қазан күні Далақайнар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Т.Әшімбаев орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллинің 130 жылдық мерейтойына орай «Жалынды жазушы» атты портрет кеші өткізілді. Кеш барысында кітапханашы оқырмандарға еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, қаламгердің өмірбаяны мен шығармашылығы, ақындық қыры туралы жан-жақты таныстырып , оқушылар нақышына келтіріп Сәкен өлеңдерін және оған арнап жазылған толғауларды оқыды. Шара соңында кітапханашы ақынның кітап қорындағы кітаптарына шолу жасады.

