«Жалт еткен сәуле ғұмыр» атты еске алу кеші өтті.
23 қаңтар күні Аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жазушы Ерубаев Саттар – 110 жыл толуына орай «Жалт еткен сәуле ғұмыр» атты еске алу кеші өтті. Іс-шараның мақсаты жазушы Саттар Ерубаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы оқырмандарға мағұлмат беру. Оқырмандардың рухани-адамгершілік дамуына, патриотизм, ұлттық болмыс пен азаматтық борышты қалыптастыру мәселелеріне қызығушылығын арттыру.
Кітапханашы жазушының жарық еткен қысқа ғұмырында, артында өшпес мұра қалдырған қазақтың бір туар талантты ұлы тұлға екеніне тоқталып, өмiрi мен еңбек жолы жайында кең көлемде мағлұмат берді. Кітапхананың тұрақты оқырманы Г. Жексенбай «Бұл не деген бақыт», Н.Аманбек «Саттар аға» өлең-жырларын мәнерлеп оқып берді. Мазмұны терең шараға қатысқан оқырмандар рухани сусындап, қаламгер шығармалығына деген сүйіспеншіліктері арта түсті.

