«Жаңа әдебиет – жаңа таным» тақырыбында кітаптар керуені өткізілді.
18 маусым күні аудандық кітапхананың қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жергілікті ақын-жазушылардың жарық көрген 24 кітаптарын насихаттау мақсатында «Жаңа әдебиет – жаңа таным» тақырыбында кітаптар керуені өткізілді. Жамбыл облысынан шыққан ақын-жазушыларымыздың туындыларынан кітап сөресі ұйымдастырылып, көпшілікке таныстырылды. Кітап сөресімен таныстыру барысында кітапханашы Жамбылдық ақын – жазушыларымыздың туындыларымен таныстырып, соның ішінде Ж. Сатылғановтың «Өз шаңырағыңа табын», К.Сәттібайұлының «Алдамаңдаршы адамдар», Ү. Битенованың «Қар астындағы жауқазын»
П. Дүйсенбиннің «Өмір -иірім» роман-мозайкасына кеңірек тоқталды.

