“ Жақсы кітап жан азығы” атты кітап сөресі ұйымдастырылып, Қ. Асановтың “Ай мен күннің сәулесі” кітабынан дауыстап оқу өткізілді.
21 маусым күні зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде жергілікті ақын-жазушылардың 24 кітабын насихаттау мақсатымен “ Жақсы кітап жан азығы” атты кітап сөресі ұйымдастырылып, Қ. Асановтың “Ай мен күннің сәулесі” кітабынан дауыстап оқу өткізілді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ақын Қайырбек Асановтың бұл жыр жинағына махаббат, Отан, туған жер тақырыбындағы өлеңдері үш бөлімге топтастырылған. Алғашқы бөлімінде алпыс жылға таяу бір шаңырақ астында өмір сүріп келе жатқан аяулы жары Күләш Ахметова екеуінің арасындағы сүйіспеншілік пен сыйластық сезімдер ақынның арқауы болса, екінші үшінші бөлімге адалдық, мейірбандық қасиеттерді айта отырып, жүрек сырларын сыйғызған жырлары енген.

