«Жақсы өлең-жан азығы» тақырыбындағы ауданымыздың тұрғыны,кәсіпкер, әуесқой ақын шығармашылығына арналған кездесу кеші өтті.
2 мамыр күні Аудандық кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен «Білім» орталығында «Жақсы өлең-жан азығы» тақырыбындағы ауданымыздың тұрғыны, жеке кәсіпкер, әуесқой ақын Хусайнова Айдана Маратқызының шығармашылығына арналған кездесу кеші өтті. Іс-шараны өткізудегі мақсат әуесқой жас ақындардың шығармашылығына шабыт беру, өңіріміздің таланттарын қалың оқырманға таныту және кейінгі буынды поэзия әлеміне баулуды көздейді. Кешімізге ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ардагер журналист А. Қосақов атамыз, Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының кітапханашысы және 9 сынып оқушылыры, №10 Шу коллеждінің кітапханашысы және осы аталған білім ордасының білімгерлері, сонымен қатар Айдана Маратқызының құрбылары қатысып, өз сұрақтарын қойып, ізгі тілектерін білдіріп, кітапхана атынан сыйлық берілді. Кездесу өте әсерлі, рухани азығы мол, оқырмандарға ерекше әсер қалдырған кеш болды.

