«Жұлдыз тағдырлы жазушы» атты жыр кеші өткізілді.
18 қаңтар күні Қонаев ауылдық кітапханасында кітапханашылардың ұйымдастыруымен ақын, драматург Әбділдә Тәжібаевтың туылғанына 115 жыл толуына орай «Жұлдыз тағдырлы жазушы» атты жыр кеші өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандарға кітапханашы Ә.Тәжібаев шығармаларына тоқталып, кітапханамыздың тұрақты оқырмандары ақынның поэзиясынан үзінділер оқыды.Әбділдә Тәжібаев – поэзияда лирика мен поэма жанрын қатар алып жүрген ақын. Оның қаламынан туған 30-дан астам поэма мен өте көп сандағы өлеңдері сыршылдық, ойшылдығымен, шыншылдық, оттылығымен ерекшеленеді. Ә.Тәжібаев поэзиясын басқа бірде-бір ақынның туындыларымен шатастыру мүмкін емес. Оның поэзиясы – тың ізденістің, жоғары мәдениеттің, кәнігі шебердің поэзиясы.

