«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
10 қазан күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім мен Жаңа жол ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей,жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның азаматтық парызы. Үлкенге ізет, кішіге құрмет, қамқорлық көрсету, қайырымдылық халықты біріктіреді, жастардың мейірімділігін оятады.


