«Жүрекпен көрген әлемім» атты әдеби музыкалық композиция өткізілді.

12 қараша күні Зағип және нашар көретін азаматттарға арналған бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен /13 қараша Зағиптар күніне орай/ «Жүрекпен көрген әлемім» атты әдеби музыкалық композиция өткізілді. Кеш барысында бөлім оқырмандары Ғ.Қажығалиев, К.Арғынбеков, Б.Қасымқұлов домбырамен әуелете ән салды. Кітапханашылар Ж.Тлеумбетова мен А.Ахметова жырдан шашу шашса, кітапханашы Э.Шыңғысова Шәкәрім Құдайбердиевтің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әнімен кешті аяқтады. Шара соңынан бөлім оқырмандары А.Қосақов пен Т.Әлімжанова, зағиптар қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Турдалиева өздерінің ізгі тілектерін білдірді. Әдеби кеш мерекелік дастарханмен жалғасты.