“Зұлмат жылдар зардабы” атты тарихи кешін өткізді.
30 мамыр күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері “Алмас” колледж білімгерлерінің қатысуымен 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай “Зұлмат жылдар зардабы” атты тарихи кешін өткізді.
Аталған шарада қазақстан қуғын-сүргін кезеңінде жазықсыз құрбан болған адамдарға қатысты тарихи әділеттілікті посткеңестік кезеңде алғаш қалпына келтіргендердің бірі екендігі аталып өтіп, саяси лаңкестік құрбандары туралы тарихи фактілер, қуғын-сүргін себептері баяндалды. Білімгерлер де өз ойларын ортаға салды.

