«Ынтымақ, бірлік, келісім-ең басты байлық ел үшін» атты кездесу кеші өткізілді.

29 ақпан күні Қонаев ауылдық кітапхана және мәдениет қызметкерлері бірлесе отырып 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Ынтымақ, бірлік, келісім-ең басты байлық ел үшін» атты кездесу кеші өткізілді. Кешке түрік ұлтының өкілі, ауыл ақсақалы Райымов Сұлтанмұрад, татар ұлтының өкілі Каримов Минзакир және Д.Қонаев орта мектебінің 4 сынып оқушылары қатысты. Аталмыш шарада кітапханашы Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні екенін баяндап, көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтады. Шара барысында кітапханамыздың оқырмандары ән айтып,би биледі. Кеш соңында қонақтарымыз қазақ еліне деген алғысын білдіріп,естелік суреттерге түсті.

Нет описания фото.